Физика пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы (12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар)

Қосымша 1 «ҰТО» РМҚК
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 343-ОД бұйрығымен бекітілді

Физика пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге
арналған тест спецификациясы
(12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар)

Тест спецификациясы 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген.
Бұл құжат 12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар оқу үрдісінде пайдаланған оқулықтар негізінде әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді.
Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын 12-жылдық білім беретін эксперименттік сынып түлектерінің физика пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.
Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 9, екінші деңгейде – 10, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.
Тест тапсырмаларының мазмұны 12-жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар оқу үрдісінде пайдаланған оқулықтарға сай.

№ Бөлім Тақырып
01
Механика Кинематика негіздері
Динамика негіздері
Статика
Механикадағы сақталу заңдары
Механикалық тербелістер мен толқындар
Релятивтік механика
02 Молекулалық физика Молекула-кинетикалық теорияның негіздері
Термодинамика негіздері
03 Электродинамика Электростатика
Тұрақты электр тогы
Электромагниттік құбылыстар
Электромагниттік теребелістер мен толқындар
04 Оптика Толқындық және геометриялық оптика
05 Астрономия Астрономия негіздері
06 Атомдық және ядролық физика Жарық кванттары
Атом ядросының физикасы

Тест жоспары:
Механика – 11 тапсырма.
Молекулалық физика – 5 тапсырма.
Электродинамика – 6 тапсырма.
Оптика – 1 тапсырма.
Астрономия – 1 тапсырма
Атомдық және ядролық физика – 1 тапсырма.
Тапсырма сапасының сипаттамасы:
Жалпы білім беретін орта мектептерде физика пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасына сәйкес оқушылары меңгеруі тиіс:
1) Теорияларды (классикалық механика, молекулалық – кинетикалық теория, электродинамика, кванттық физиканың элементтерi, астрономия элементтері);
2) Ұғымдар (модель, болжам, қағида, постулат, заң, теория, механикалық және электромагниттік тербелістер, электромагниттік өріс, электромагниттік толқын, атом, квант, фотон, атом ядросы, радиоактивтік, планета, жұлдыз, галактика, Әлем).
3) Физикалық шамалар (орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, масса, күш, қысым, импульс, жұмыс, қуат, механикалық энергия, ішкі энергия, зат бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясы, абсолют температура, жылу мөлшері, период, жиілік, тербеліс амплитудасы, толқын ұзындығы, сыну көрсеткіші, линзаның оптикалық күші, элементар электр заряды, электр өрісінің кернеулігі, потенциалдар айырмасы, электрсыйымдылығы, электр өрісінің энергиясы, электр тогының күші, электр кернеуі, электр кедергісі, электрқозғаушы күш, магнит ағыны, индуктивтік, магнит өрісінің энергиясы, байланыс энергиясы, жартылай ыдырау периоды);
4) Заңдар, қағидалар және постулаттар (тұжырымдамасы, қолданылу шекарасы);
5) Физикадан игерген кинематикалық, динамикалық қоғалыс, электродинамика және кванттық физика туралы білімдерін күнделікті өмірде проблемалық жағдайларды шешуге қолдана алуы;
6) Бақылаулар мен эксперимент нәтижелерін сипаттап, түсіндіре алуы.
Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.
Нұсқалар мен тапсырмалар саны. Бір нұсқада 25 тест тапсырмасы беріледі. Тест нұсқаларының баламалығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
Тапсырмалар түрі:
Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
Жеке тапсырмалар мен барлық жұмыстың орындалуын бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмалары толығымен дұрыс орындалған жағдайда 25 балл алады.

27.11.2015 Нартай3568 0
Добавить комментарий:



ТОП пользователей



eskagucci7043Admincarmakovaнартайduked5193asemgulkuralova00ewab1989janel150500aidanabek777defaultNickunazira82denis1703Abylaikhan