Химия пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы (12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар)

Қосымша 1 «ҰТО» РМҚК
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 343-ОД бұйрығымен бекітілді

Химия пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге
арналған тест спецификациясы
(12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар)

Тест спецификациясы 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген.
Бұл құжат 12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар оқу үрдісінде пайдаланған оқулықтар негізінде әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді.
Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын 12-жылдық білім беретін эксперименттік сынып түлектерінің химия пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.
Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 9, екінші деңгейде – 10, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.
Тест тапсырмаларының мазмұны 12-жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар оқу үрдісінде пайдаланған оқулықтарға сай.
№ Бөлім Тақырып
01 Жалпы химия
Бастапқы химиялық түсініктер
Химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Атом құрылысы
Химиялық байланыс және зат құрылысы
Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары
Электролиттік диссоциация және ерітінділер
02 Бейорганикалық химия Металдар
Бейметалдар
Маңызды химиялық өнімдерді алу технологиясы
03 Органикалық химия Көмірсутектер
Оттекті органикалық қосылыстар
Азотты органикалық қосылыстар
Жоғары молекулалы қосылыстар. Көмірсутек-тердің табиғи қорлары
Тест жоспары:
Жалпы химия – 5 тапсырма
Бейорганикалық химия – 10 тапсырма
Органикалық химия – 10 тапсырма
Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар химия курсынан меңгеруі тиіс:
1) химиялық заттардың формулалары, химиялық реакциялардың типтері, атом құрылысы, ядро заряды, протон, нейтрон, электрон, электрондық орбиталь, иондар, изотоптар, химиялық байланыс, аллотропия, моль, мольдік масса, мольдік көлем, Авогадро тұрақтысы, реакцияның жылу эффектісі, реагенттер, металдардың белсенділік қатары, бейтараптану реакциясы, катализатор, электртерістілік, тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш, тотығу-тотықсыздану реакциялары; генетикалық байланыс; индикаторлар;
2) негізгі заңдарды: зат массасының сақталу заңы, зат құрамының сақталу заңы; Д. И.Менделеевтің периодтық заңы, Авогадро заңы;
3) электролиттер, бейэлектролиттер, электролиттік диссоциация, диссоциациялану дәрежесі, аниондар мен катиондарға сапалық реакциялар, гидролиз, сутектік көрсеткіш, бейметалдар, аллотропия, металдар және олардың жемірілуі, электролиз, құймалар, шойын, болат;
4) заттарды алудың жалпы әдістері, өндірістік синтездің заманауи технологиясы туралы түсінік;
5) бейорганикалық заттардың кластары және олардың генетикалық байланысы;заттар мен материалдарды өндіруде, қоғамның дамуында және адам денсаулығын, табиғатты қорғаудағы химияның өскелең рөлі;
6) атом мен атомдық орбитальдар құрылысы, электрондар күйі, Паули принципі, химиялық реакциялар жылдамдығы, катализ, реакцияның жылу эффектісі, түзілу жылуы, химиялық тепе-теңдік, тепе-теңдік константасы, металлургия, электролиз, физикалық шамалардың сандық қатынасы;
7) химиялық өндірістің ғылыми принципі, қоршаған ортаның химиялық ластануы,оның салдары;
8) практикалық маңызды заттардың құрамы, құрылысы, өздеріне тән қасиеттері; бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі мен олардың арасындағы генетикалық байланысты;
9) химиялық реакциялардың мәні мен типтері, олардың жүру заңдылықтары; металдар коррозиясы және коррозиядан сақтану шаралары;
10) химиялық құрылым, гомологтар, гомологтық қатар. Изомерия, омология, изомерлер, құрылымдық және кеңістіктік изомерлер; А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың химиялық қосылыстар теориясының негізгі қағидалары мен маңызы; көміртек атомдарының гибридтенуі, оның түрлері, , π-байланыстар, дара, қос және үш байланыс, көміртек тізбектерінің түрлері; органикалық қосылыстардың электрондық және кеңістіктік құрылысы; органикалық химиядағы реакция типтері;
11) көмірсутектердің табиғи көздері, оларды өңдеу және Қазақстандағы кен орындары; органикалық заттардың жіктелуі мен номенклатурасы; функционалдық топ; көмірсутектер және олардың туындыларының химиялық қасиеттері мен алынуын сипаттайтын реакциялар; көмірсутектердің және олардың туындылары арасындағы генетикалық байланыс; қоршаған ортаның химиялық ластануы мен зиянды әсері.
12) жоғары молекулалы қосылыстар, мономер, полимер, құрылымдық буыны, полимерлену дәрежесі, полимерлену және поликонденсациялану реакциялары; кең таралған полимерлер, олардың қасиеттері, практикада қолданылуы, пластмассалар, талшықтар, каучук; химиялық өндірістің ғылыми принциптері; қоршаған ортаның химиялық ластануы мен зиянды әсері. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.
Нұсқалар мен тапсырмалар саны. Бір нұсқада 25 тест тапсырмасы беріледі. Тест нұсқаларының баламалығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
Тапсырмалар түрі:
Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
Жеке тапсырмалар мен барлық жұмыстың орындалуын бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмалары толығымен дұрыс орындалған жағдайда 25 балл алады.

27.11.2015 Нартай3568 0
Добавить комментарий:



ТОП пользователей



eskagucci7043Admincarmakovaнартайduked5193asemgulkuralova00ewab1989janel150500aidanabek777defaultNickunazira82denis1703Abylaikhan