Қазақ әдебиеті пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге aрналған тест спецификациясы (12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар)

Қосымша 1 «ҰТО» РМҚК
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 343-ОД бұйрығымен бекітілді

Қазақ әдебиеті пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге
aрналған тест спецификациясы
(12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар)

Тест спецификациясы 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген.
Бұл құжат 12 Тест спецификациясы 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген.
Бұл құжат 12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар оқу үрдісінде пайдаланған оқулықтар негізінде әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді.
Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын 12-жылдық білім беретін эксперименттік сынып түлектерінің қазақ әдебиеті пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.
Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 6, екінші деңгейде – 13, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.
Тест тапсырмаларының мазмұны 12-жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар оқу үрдісінде пайдаланған оқулықтарға сай.
№ Бөлім Тақырып
01 Ежелгі дүние әдебиеті Ежелгі дәуір әдебиеті
02 Халық ауыз әдебиеті Ауыз әдебиеті. Ауыз әдебиеті - А
Ауыз әдебиеті. Ауыз әдебиеті - Ә
03 ХV – XVIII ғ. әдебиеті ХV – XVIII ғ. әдебиеті. Жыраулар поэзиясы
04 ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет
ХІХ ғ. ІІ жартысындағы ағартушылар
05 ХІХ ғ. ІІ жартысындағы әдебиет ХІХ ғ. ІІ жартысындағы әдебиет. Абай Құнанбайұлы
ХІХ ғ. ІІ жартысындағы әдебиет. Ақын - сазгер - әншілер
06 ХХ ғ. әдебиеті ХХ ғ. басындағы әдебиет – А
ХХ ғ. басындағы әдебиет - Ә
07 Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет – А
Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет Мұхтар Әуезов
Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет - Ә
08 Әдебиет теориясы Әдебиет теориясы
09 Қазіргі заман әдебиеті Қазіргі заман әдебиеті. ХХ ғ. ІІ жартысындағы поэзия
Қазіргі заман әдебиеті. ХХ ғ. ІІ жартысындағы проза және драматургия
Тест жоспары:
Ежелгі дәуір әдебиеті – 1 тапсырма
Халық ауыз әдебиеті – 2 тапсырма
ХV-ХVІІІ ғ. әдебиет – 1 тапсырма
ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет – 1 тапсырма
ХІХ ғ. ІІ жартысындағы әдебиет – 3 тапсырма
ХХ ғ. әдебиеті – 5 тапсырма
Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет – 7 тапсырма
Әдебиет теориясы – 2 тапсырма
Қазіргі заман әдебиеті – 3 тапсырма
Тапсырма сапасының сипаттамасы:
Ежелгі дәуір әдебиеті: жазба ескерткіштерінің тарихы, түрлері.
Халық ауыз әдебиеті: түрлері, ерекшеліктері.
ХІ-ХVІІІ ғ. әдебиет: жыраулар поэзиясының даму кезеңдері, өкілдері.
ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет: әдеби ағымдар.
ХІХ ғ. ІІ жартысындағы әдебиет: жаңа әдеби ағымдар мен бағыттардың, реализимнің тууы.
ХХ ғ. басындағы әдебиет: 20-30 жылдардағы әдебиет; әдеби жанрдың дамуы және көрнекті өкілдері.
Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет: Ұлы Отан соғысы кезіндегі және одан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінде соғыс, отаншылдық тақырыптың қалыптасуы; жанрлардың дамуы және көрнекті өкілдері.
Қазіргі әдебиет: қазіргі заман әдебиеті, жанрлық ерекшелігі.
Әдебиет теориясы: әдеби-теориялық ұғымдар түсінігі.
Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.
Нұсқалар мен тапсырмалар саны. Бір нұсқада 25 тест тапсырмасы беріледі. Тест нұсқаларының баламалығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
Тапсырмалар түрі:
Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
Жеке тапсырмалар мен барлық жұмыстың орындалуын бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмалары толығымен дұрыс орындалған жағдайда 25 балл алады.

27.11.2015 Нартай3568 0
Добавить комментарий:



ТОП пользователей



eskagucci7043Admincarmakovaнартайduked5193asemgulkuralova00ewab1989janel150500aidanabek777defaultNickunazira82denis1703Abylaikhan