Қазақ тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы (12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар)

Қосымша 1 «ҰТО» РМҚК
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 343-ОД бұйрығымен бекітілді

Қазақ тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге
арналған тест спецификациясы
(12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар)

Тест спецификациясы 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген.
Бұл құжат 12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар оқу үрдісінде пайдаланған оқулықтар негізінде әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді.
Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын 12-жылдық білім беретін эксперименттік сынып түлектерінің қазақ тілі пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.
Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 6, екінші деңгейде – 13, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.
Тест тапсырмаларының мазмұны 12-жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар оқу үрдісінде пайдаланған оқулықтарға сай.

№ Бөлім Тақырып
01
Лексика
Сөз және сөздің мағыналары
Сөздік қор
02 Фонетика Дауысты дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Буын және тасымал
03 Үндестік заңы Орфография, орфоэпия
04 Сөзжасам Сөздік құрам
05 Морфология Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Еліктеу сөздер
Одағай
Шылау
06 Синтаксис Сөз тіркесі
Сөйлем мүшелері
Жай сөйлем
Құрмалас сөйлем
Оқшау сөздер. Қаратпа сөз. Қыстырма сөз
Төл сөз
07 Пунктуация Тыныс белгілері
08 Стилистика. Сөз мәдениеті Шешендік сөз
Тест жоспары:
Лексика – 3 тапсырма.
Фонетика. Үндестік заңы – 3 тапсырма.
Сөзжасам – 2 тапсырма.
Морфология – 8 тапсырма.
Синтаксис – 7 тапсырма.
Пунктуация. Стилистика – 2 тапсырма.
Тапсырма сапасының сипаттамасы:
Лексика: тілдік материалдарда лингвистикалық білімдерін қолдана білу;
Фонетика мен графика: орфографиялық және орфоэпиялық дағдылар;
Орфоэпия мен орфография: әдеби тіл нормалары мен орфографиялық біліктіліктері;
Сөзжасам: тілдік материалдарда лингвистикалық білімдерін қолдана білу;
Морфология: тілдік материалдарда лингвистикалық білімдерін қолдана білу;
Синтаксис: тілдік материалдарда лингвистикалық білімдерін қолдана білу;
Пунктуация: тыныс белгілерді қолдана білу дағдылары;
Стилистика: стиль түрлерін меңгеру дәрежелері, сөйлем құрау дағдылары.
Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.
Нұсқалар мен тапсырмалар саны. Бір нұсқада 25 тест тапсырмасы беріледі. Тест нұсқаларының баламалығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
Тапсырмалар түрі:
Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
Жеке тапсырмалар мен барлық жұмыстың орындалуын бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмалары толығымен дұрыс орындалған жағдайда 25 балл алады.

27.11.2015 Нартай3568 0
Добавить комментарий:



ТОП пользователей



eskagucci7043Admincarmakovaнартайduked5193asemgulkuralova00ewab1989janel150500aidanabek777defaultNickunazira82denis1703Abylaikhan