Математика пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы (12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар)

Қосымша 1 «ҰТО» РМҚК
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 343-ОД бұйрығымен бекітілді


Математика пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге
арналған тест спецификациясы
(12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар)
Тест спецификациясы 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген.
Бұл құжат 12 жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар оқу үрдісінде пайдаланған оқулықтар негізінде әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді.
Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын 12-жылдық білім беретін эксперименттік сынып түлектерінің математика пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.
Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 9, екінші деңгейде – 10, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.
Тест тапсырмаларының мазмұны 12-жылдық білім беретін эксперименттік сыныптар оқу үрдісінде пайдаланған оқулықтарға сай.
№ Бөлім Тақырып
01 Арифметикалық есептеулер Алгебралық өрнектерді түрлендіру
02 Теңдеулер және теңдеулер жүйесі Алгебралық теңдеулер және теңдеулер жүйесі
03 Теңдеумен шығарылатын мәтін есептер Теңдеумен шығарылатын мәтін есептер
04 Теңсіздіктер Алгебралық теңсіздіктер және олардың жүйелері
05 Теңдеулер және теңдеулер жүйесі Көрсеткіштік және логарифмдық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері
06 Тригонометрия Тригонометрия
07 Тізбектер. Арифметикалық және геометриялық прогрессия Тізбектер. Арифметикалық және геометриялық прогрессия
08 Функциялар, олардың қасиеттері және графигі Функциялар,олардың қасиеттері және графигі
09 Функциялар, туынды, интеграл Туынды және оны қолдану
10 Алғашқы функциялар, туынды, интеграл Алғашқы функция, интеграл және оларды қолдану
11 Планиметрия Планиметрия
12 Стереометрия Стереометрия
13 Векторлар және жазықтықтағы координаттар әдісі Векторлар және жазықтықтағы координаттар әдісі
Тест жоспары:
Арифметикалық есептеулер – 3 тапсырма
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі – 2 тапсырма
Теңдеумен шығарылатын мәтін есептер – 1 тапсырма
Теңсіздіктер – 2 тапсырма
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі – 2 тапсырма
Тригонометрия – 2 тапсырма
Тізбектер. Арифметикалық және геометриялық прогрессия – 2 тапсырма
Функциялар, олардың қасиеттері және графигі – 2 тапсырма
Функциялар, туынды, интеграл – 2 тапсырма
Алғашқы функциялар, туынды, интеграл – 2 тапсырма
Планиметрия – 3 тапсырма
Стереометрия – 1 тапсырма
Векторлар және жазықтықтағы координаттар әдісі – 1 тапсырма.
Тапсырма сапасының сипаттамасы:
Арифметикалық есептеулер: жай және рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдана білу, қысқаша көбейту формулаларын қолдану; натурал, бүтін, және рационал көрсеткішті дәрежесінің қасиеттерін пайдалану; %-ке және пропорцияға байланысты есептерді шығара білу;
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі: сызықтық, квадраттық, бөлшек-рационал теңдеулер мен теңдеу жүйелер; модуль таңбасы бар теңдеулер және теңдеулер жүйелерін; қарапайым иррационал теңдеулерді, көрсеткіштік, логарифмдік, тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шеше білу;
Мәселе есептер: теңдеу және теңдеулер жүйесін құруға берілген мәселе есептерді шеше білу;
Алгебралық теңсіздіктер: бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік және оның жүйелерін шеше білу; интервалдар әдісін квадраттық, бөлшек-рационал теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешуде қолдану; модуль таңбасы бар теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу;
Тригонометрия: негізгі тригонометриялық формулаларды қолдана білу, тригонометриялық өрнектерді ықшамдай білу, тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шеше білу, қарапайым тригонометриялық теңсіздіктерді шешу;
Тізбектер: сан тізбегінің қасиетін орналастыра білу; арифметикалық және геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің және алғашқы n мүшесінің қосындысын табу формулаларын қолдану; шексіз кемімелі геометриялық прогрессиясын қосындысын табу;
Функциялар, олардың қасиеттері және графигі: функцияның мәнін формула бойынша, кесте бойынша, және көрсетілген функция мәні бойынша аргументті таба білу; функцияның анықталу облысы мен мәндерінің облысын табу; функцияның касиеттерін олардың графиктері бойынша орнату;
Функциялар, туынды, интеграл: функцияның туындысын және алғашқы функциясын, анықталу облысын, экстремумдерін таба білу;
Планиметрия: жай фигуралардың негізгі қасиеттерін пайдалана отырып, олардың әртүрлі элементтерін, ауданын таба білу, Пифагор теоремасын қолдана білу;
Стереометрия: көпжақтар мен айналу денелерінің беттерінің аудандары мен көлемдерін таба білу;
Векторлар және жазықтықтағы координаттар әдісі: векторлар және координаттар әдісін қолдана білу.
Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.
Нұсқалар мен тапсырмалар саны. Бір нұсқада 25 тест тапсырмасы беріледі. Тест нұсқаларының баламалығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
Тапсырмалар түрі:
Берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Нұсқау: «Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
Жеке тапсырмалар мен барлық жұмыстың орындалуын бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмалары толығымен дұрыс орындалған жағдайда 25 балл алады.

27.11.2015 Нартай3568 0
Добавить комментарий:



ТОП пользователей



eskagucci7043Admincarmakovaнартайduked5193asemgulkuralova00ewab1989janel150500aidanabek777defaultNickunazira82denis1703Abylaikhan