Википедияға сенуге болады ма?

Википедияға сенуге болады ма?

Википедия ғаламтордағы ең басты ақпараттар қорына айналды. Кез-келген бір мәліметті білу үшін ғаламтордан іздесең бірден википедия шығады. Кез-келген сайт бұған қызығушылық танытады.

Бірақ википедияның бір жаманы оның кез-келген қолданушыға ашықтығы. Кез-келген адам кез-келген ақпаратты өзгерте алады. Ал сол өзгеріс бірден интернет желісіне тарап кетеді. Бұл деген бұзақылық пен жамандықтың көзі дейтіндер де бар.

Мәселен сіз википедияға кіріп Астана қаласы туралы мақалаға "бұл жерде менің ағам тұрады" деп өзгерте аласыз. ( Осы мақаланы оқып википедиға кіріп өзгертіп тастамаңыз)

Жалпы, википедияны құраушылар оның басты артықшылығы осында деп айтады. Өйткені халық деген үлкен күш. Кез-келген азамат жаман сөзді көріп дұрыстауға болады. Немесе редакцияға хат жазалады.

Википедияның тағы бір артықшылығы бұрынғы жазылғанды қайта қалпына келтіре алатындығында. Құртып қойдыңба, қайта қалпына келтіре сал!

Қазіргі таңда википедияда боттар да жұмыс жасайды. Олар өзгертілген мақалаларды дұрыстап жамандарын алып тастайды.

Жалпы википедияда қазақша мақалалар аз болғанымен біртіндеп көбейіп келеді. Википедияда жақсы да дұрыс емес те мақалалар бар. Ең басты төреші біз бен сіз оқырман.



22.01.2015 нартай 0
Добавить комментарий:



ТОП пользователей



eskagucci7043Adminнартайcarmakovaduked5193ЕсқалиТәрбиеaikoshjTRANSCitigohaмикаMakaadministration