Ұбт-ны өткізу туралы жалпы ережелер

Ұбт-ны өткізу туралы жалпы ережелер



1. Осы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына  сәйкес әзірленді және ағымдағы жылғы жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілеріне (бұдан әрі - бітіруші) ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу тәртібін белгілейді.



2. Қағидалар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері  мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарына таратылады.




  1. Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) - орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарындағы түсу емтихандарын  біріктіретін, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау түрлерінің бірі.

  2. ҰБТ ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінің (бұдан әрі - ҰБТӨП) базасында өткізіледі.



5. ҰБТ-ның өткізілуін үйлестіру үшін облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының базасында штабтар (бұдан әрі – Штаб) құрылады.



6. Штаб:




  1. ҰБТ-ны және апелляцияны өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын;

  2. ҰБТ мәселелері бойынша жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын;

  3. ҰБТ-ны өткізу кезінде металл іздегіштердің, ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын құралдарды және бейне бақылау камераларын пайдалану жұмыстарын үйлестіреді.



7. ҰБТ-ны өткізу үшін ҰБТӨП-те мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі - МК) құрылады. МК өз жұмысында «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.




  1. МК-нің құрамына әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары (бұдан әрі – ЖОО), облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) білім басқармаларының бастықтары (бұдан әрі – білім басқармасының бастықтары), аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтары,  құқық  қорғау  органдарының,   қоғамдық   ұйымдардың   және



бұқаралық  ақпарат  құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының немесе білім басқармаларының білікті қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы кіреді. МК мүшелерінің саны 5 адамнан тұрады.




  1. Білім беру ұйымдарында:



 1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім беру ұйымдарының  базасында  орналасқан  ҰБТӨП-терде  МК төрағасы болып ЖОО-ның басшылары немесе білім басқармаларының бастықтары тағайындалады;



 2) аудан орталықтарының білім беру ұйымдарында орналасқан ҰБТӨП-терде МК төрағасы болып аудан (қала) әкімдерінің орынбасарлары немесе аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтары тағайындалады.



МК-нің құрамы жоғары оқу орындарының және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ҰБТ рәсімін өткізгенге дейін 2 ай бұрын бекітіледі.



10. МК:




  1. жұртшылық арасында ҰБТ мәселелері бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

  2. жергілікті атқарушы органдармен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп бітірушілерді ҰБТӨП-ке және кері жеткізуді, орналастыру мен тамақтандыруды ұйымдастырады (50 шақырымнан жақын қашықтықта тұратын бітірушілер тестілеу өткізілетін күні таңғы сағат 07.00-ден бастап, ал ҰБТӨП-тен 50 шақырымнан алыс қашықтықта тұратын бітірушілер тестілеу басталғанға дейін бір күн бұрын тасымалданады);

  3. медициналық қызметкерлердің жұмысын қамтамасыз етеді;

  4. электр көзі мен телекоммуникациялық байланыстың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

  5. кезекшілердің құрамын қалыптастырады;

  6. кезекшілердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз етеді;

  7. қоғамдық тәртіпті сақтауды, тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді, тестілеу кезінде ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын және бейнебақылау құралдарын пайдалануды ұйымдастырады; 

  8. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тестілеу басталғанға дейін ғимаратты тексеру актісін жасау арқылы ҰБТ өтетін ғимаратты жарылғыш заттардың болмауы үшін тексеруді жүзеге асырады; 

  9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері  (бұдан әрі – Министрлік өкілдері) мен апелляциялық комиссияның жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды;

  10. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторияларды ҰБТӨП жетекшілерінен санитарлық-гигиеналық нормаларының  сақталуына, тыйым салынған заттардың (ақпараттық және анықтамалық материалдар, электрондық кітаптар, калькуляторлар, ұялы



телефондар,  пейджерлер  және  фотоаппараттар)  болмауына   жасалған   акт   бойынша қабылдауды жүзеге асырады;




  1. Министрлік өкілімен бірлесіп мүгедек бітірушілер, даму мүмкіндіктері шектеулі, көру қабілеті нашар (көрмейтін, нашар көретін), есту қабілеті нашар (естімейтін, нашар еститін), өздігінен жүріп-тұру функциясы бұзылған мүгедектер және қант диабетімен ауратын бітірушілер үшін жеке аудитория бөлу туралы шешім қабылдайды.



12) тестілеу өткізілген күні осы Қағидаларға 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Дұрыс жауаптар коды мен ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляция есепке алынбаған) және ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляция есепке алынған) көпшіліктің назарына іледі; 




  1.  осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Сертификаттарды беру тізілімін және сертификаттарды беру жұмыстарын ұйымдастырады;

  2.  Штабты ҰБТ-ның өту барысы және бітірушінің осы Қағидалардың талаптарын бұзу фактісі туралы хабардар етеді.



11. МК-ның шешімдері МК мүшелерінің отырысында қатысушылардың көпшілік даусымен қабылданады және төраға мен хатшының қолы қойылған отырыс хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда, МК төрағасының даусы шешуші болып саналады.                           



21.11.2015 Нартай3568 0
Добавить комментарий:



ТОП пользователей



eskagucci7043Adminнартайcarmakovaduked5193ЕсқалиТәрбиеaikoshjTRANSCitigohaмикаMakaadministration