Қазақ тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Қазақ тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
(2014 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген)
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына сай әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді. Ұлттық тестілеу орталығының жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды.
Мақсаты: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары түлектерінің қазақ тілі пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.
Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 6, екінші деңгейде – 13, үшінші деңгейде – 6 тапсырма.
Тест жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес қазақ тілі пәні бойынша оқу материалдарынан тұрады.
Тақырып № |
Мазмұны |
|
Лексика |
|
Сөздік қор |
|
Фонетика. Дауысты дыбыстар |
|
Фонетика. Дауыссыз дыбыстар |
|
Фонетика. Буын және тасымал |
|
Үндестік заңы. Орфография, орфоэпия |
|
Сөзжасам |
|
Морфология. Зат есім |
|
Морфология. Сын есім |
|
Морфология. Сан есім |
|
Морфология. Есімдік |
|
Морфология. Етістік |
|
Морфология. Үстеу |
|
Морфология. Еліктеу сөздер |
|
Морфология. Одағай |
|
Морфология. Шылау |
|
Синтаксис. Сөз тіркесі |
|
Синтаксис. Сөйлем |
|
Синтаксис. Сөйлем мүшелері |
|
Синтаксис. Жай сөйлем |
|
Синтаксис. Құрмалас сөйлем |
|
Синтаксис. Оқшау сөздер. Қаратпа сөз. Қыстырма сөз |
|
Синтаксис. Төл сөз |
|
Пунктуация. Тыныс белгілері |
|
Стилистика. Сөз мәдениеті, шешендік сөз |
Тест жоспары:
Лексика – 3 тест тапсырмасы
Фонетика мен графика – 2 тест тапсырмасы
Үндестік заңы – 1 тест тапсырмасы
Сөзжасам – 2 тест тапсырмасы
Морфология – 8 тест тапсырмасы
Синтаксис – 7 тест тапсырмасы
Пунктуация – 1 тест тапсырмасы
Стилистика, cөз мәдениеті мен шешендік өнер – 1 тест тапсырмасы
Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Фонетика мен графика: тіл біліміндегі орны мен маңызын, фонетикалық ұғымдардың мәнін, дыбыстардың түрлері мен олардың жіктелуін, тіл дыбыстарының жасалу жолдарын меңгеріп, фонетикалық талдау жасай алуы;
Орфоэпия мен орфография: әдеби тіл нормалары мен орфографиялық біліктіліктері, буын және дыбыс үндестігінің мәні, ықпалдардың ерекшелігі мен қолданылатын орындары, дұрыс айту мен дұрыс жазудың нормаларын игеруі;
Лексика: лексиканың тіл біліміндегі орны мен маңызын, сөздердің мағыналық топтарына қарай түрлерін, лексикалық терминдерді ажырата білуді, лексикалық талдау жасай алуы;
Сөзжасам: тілдік материалдарда лингвистикалық білімдерін қолдана білу, сөзжасамның тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын, сөздердің жасалу тәсілдерін және олардың жасалу жолына қарай жіктелуін, түбір сөз бен туынды сөздің белгілерін анықтай алуы;
Морфология: сөз таптарының мағыналық топтарын, өзіндік белгілерін және бір-бірінен ажырата білуі, сөз таптарының қызметін түсіндіре алуы, морфологияға қатысты тілдік ұғымдардың мәнін анықтауды, морфологиялық талдау жасай алуы;
Синтаксис: сөз тіркесінің өзіне тән белгілерін, байланысу тәсілдері мен түрлерін, сөйлем мүшелері, жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрлеріне синтаксистік талдау жасай алуы, мәтіндерге кешенді тілдік талдау жасай білуі;
Пунктуация: жазбаша қарым-қатынастарда, тыныс белгілерді қолдана білу дағдылары, тыныс белгілердің қолданылатын орындары, стиль түрлерінде атқаратын рөлін дәйектей білуі;
Стилистика: стиль түрлері мен түрлі мәтіндерді түсіне баяндау және интерпретациялай білуі, түрлі стильде мәтін құрауды, сөйлеу мәдениетінің нормалары мен шешендікке қойылатын талаптарды меңгеруі тиіс.
Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт – 1,5 минут. Тестінің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.
Нұсқалар мен тапсырмалар саны:
Бір тестіде 25 сұрақ. Тест нұсқаларының баламалығы:
- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;
- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
Тапсырма формасы:
Тестте берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау керек.
Таңдалған нұсқаны жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін мектеп бітіруші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 25 балл алады.