Қазақ тілінен рефераттар

Тасымал

Тасымал

Жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір буынды немесе көп буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейміз.

Демек сөздерді буын жігімен ғана тасымалдау керек. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар мына төмендегідей:
1) Екі, үш дыбысты тұйық буынды бөліп-жарып тасымалдауға болмайды. Мысалы, ат, ән, ант, өрт сияқты буындардың жігін ажыратуға болмайды;
2) Бітеу буындарды да бөліп – жаруға болмайды. Қысқасы, буын құрамындағы дыбыстарды бір –бірінен ажыратуға болмайды;
3) Бас әріптен қысқарған сөздерді де бөліп тасымалдауға болмайды. ҚР, РТС дегендегі Қ-ны немесе Р-ді сол жолға қалдыруға немесе екінші жолға көшіруге болмайды;
4) Адам атының, әкесінің атының қысқартылып алынған әрпін фамилиядан айырып, сол жолға қалдыруға немесе екінші жолға көшіруге болмайды. Мысалы, А.С.Пушкин, А.Құнанбаев дегендегі А.С. және А. әріптерін фамилиядан ажыратуға болмайды;
5) 15га, 25см сияқты цифр арқылы таңбалатын сандарды оларға қатысты атауларынан бөліп тасымалдауға болмайды.
Сонымен бірге электр, станция,ансамбль, вольт сияқты буын қурай алмайтын дауыссыздар тіркесін де сол жолда қалдыруға немесе екінші жолға көшіруге болмайды.

1. Төмендегі сөздерді бір бағанаға буынға бөліп, бір бағанаға тасымалдап жаз.
Көбелек, бұлбұл, қарсақ, түлкі, әсем, киім, Отан, қызғалдақ, орын, айна, күз, ыдыс, білім, әке, бауыр, қоғам, инелік, терезе, оқушы, еңбек, жайық, аяқ, әрекет, таңғажайып, таңертең, алақан, қолшатыр, демалыс, балмұздақ.
Қандай айырмашылық байқадың себебін түсіндір. Уважаемый пользователь полный текст материала вы можете смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен только краткий обзор материала на тему Тасымал реферат.



13.07.2015 Нартай3568 0 Теги:
Добавить комментарий:



ТОП пользователей



eskagucci7043Adminнартайcarmakovaduked5193ЕсқалиТәрбиеaikoshjTRANSCitigohaмикаMakaadministration