Менің кәсіби ұстанымым
Менің кәсіби ұстанымым
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық - ұстаздық мамандығы. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Менің пікірім бойынша бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелей отырып, оқушының бойына жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын дарыту қажет. Ол үшін білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатынболса ғана ұстаздық мкәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Мен өз кәсібімді, өз пәнімді, барлық шәкірттерімді, мектебімді шексіз сүйемін. Ұстаздық қызметіме деген қызығушылық пен сүйіспеншілік мені небір қиын әрекеттерге жетелеп, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалатыныма сенемін. Әр ұстаздың қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс- тұрысы, жинақы іс- әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге бола білуі тиіс деп ойлаймын. Уважаемый пользователь полный текст материала вы можете смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен только краткий обзор материала на тему Менің кәсіби ұстанымым реферат.
Скачать бесплатно с портала Жастар инфо




