Рене Декарт
Рене Декарт
Рене Декарт (1596-1650) француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. «Әдіс жөніндегі пікірлер», «Бірінші философия жөніндегі ойлар», «Философия бастамасы» т. б. еңбектерінде адамзаттың дүниені тану жолдарын түсінудің тың тұжырымдарын жасады. Абай Декарттың еңбегімен жете танысып, оның жан мен тән, индукция мен дедукция, Алланың ақиқаттығы, ғылымның адам игілігіне қызмет етуі тиіс деген тұжырымдарын қостады және ол туралы «Қарасөздерінде» өз көзқарасын Шығысфилософиясымен байланыстыра отырып пікір білдірді. Әуезов абайтану саласындағы барлық еңбектерінде Декарттың Абайдыңфилософиялық көзқарастарына әсерін ерекше атап өтеді. Ол «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845- 1904)» атты (1959)монографиясында Абайдың да «терең ойдың телміріп соңына ермей», адам жаратылысы туралы дуалистік жолда болғанына, жаңа идеалистік санадағы Декартқа кебірек жақындағанына талдау жасайды (20 томдық шығармалар жинағы, 1985, 20-том, 166-бет). Уважаемый пользователь полный текст материала вы можете смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен только краткий обзор материала на тему Рене Декарт реферат.
Скачать бесплатно с портала Жастар инфо




