Спирттердің қолданылуы
Спирттердің қолданылуы
Спирттердің қолданылуы. Спирттер көптеген өндірістерде еріткіш ретінде қолданылады. Химиялық өнеркәсіпте оларды сан алуан синтездер үшін пайдаланады.Метил спирті пластмасса, сірке қышқылы және басқа органикалық заттар өндірісінде пайдаланылатын формальдегид алуға өте көп мөлшерде жұмсалады. Қазіргі уақытта метил спиртін бастапқы өнім ретінде пайдалану негізінде көптеген жаңа технологиялық процестер жасалуда, сондықтан халық шаруашылығына қажетті заттар мен материалдардың өндіру өнеркәсібінде оның маңызы барған сайын арта беретін болады.
Метил мпиртін мотор отын ретінде пайдаланудың келешегі зор деп есептеледі, өйткені оны бензинге қосқанда жанғыш қоспаның оқтан саны артып, пайдаланылған газда зиянды заттардың түзілуін кемітеді.
Этил спирті синтетикалық каучук өндірісінде көп мөлшерде жұмсалады.
Спиртті тотықтырып, тағамға қажетті сірке қышқылын алады. Спиртті дегидраттану жолымен диэтил эфирін дайындайды, спиртті хлорсутекпен өзара әрекеттесуі арқылы операция жасалатын жерді жансыздандыруға пайдаланатын хлорэтан алады. Спирт көптеген дәрі дәрмектер жасауға да қолданылады. Ол парфюмерияда әтір және иіс сулар жасауға жұмсалады Оны кейбір елдерде жанармайдағы оқтан санын арттыру үшін мотор отынына қосады. Уважаемый пользователь полный текст материала вы можете смотреть в скачиваемом файле. На этой странице приведен только краткий обзор материала на тему Спирттердің қолданылуы реферат.




